• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2016

Елбасының апталық кестесі

295 рет
көрсетілді

Президенттің баспасөз қыз­меті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты­суы­мен өтетін алдағы іс-шара­лар аңдатпасы туралы хабарлады 24 мамырда Қазақстан Прези­денті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықара­лық валюта қоры­ның өңірлік кон­ференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қоры­­ның басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді. 25 мамырда Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасының негізгі даму бағыттарын, сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшеліктің басымдықтарын пай­да­лану және еліміздің халық­­ара­лық аренадағы баста­ма­ларын ілгері­лету қадам­­дарын тал­қылау үшін Халықаралық консуль­татив­тік кеңес мүшелері­мен кездеседі. 26 мамырда Нұрсұлтан Назарбаевтың IX Астана экономи­калық форумына қатысуы және «Астана» халықаралық қаржы орталығын ба­с­қару жөніндегі кеңестің мүшелерімен, сондай-ақ, Нобель сый­лы­ғы­ның лауреат­тарымен, халықаралық ұйымдар­дың бас­шы­ларымен кез­десу өткізуі жоспарланған. 27 мамырда Қазақстан Пре­зи­денті жанындағы Шетел ин­вестор­лары кеңесінің кезекті оты­ры­сын өткізу жоспарланған. Оның аясын­да Кеңес мүшелері­мен – трансұлттық ірі компания­лар­­дың басшы­лары­мен жекелеген кездесулер өтеді.